
1949 жылы тау үстінде "Бессай", "Құлшығай", "Теректі" деген үш шағын колхоз болған. Аталған колхоздарда 10-15 жуық тұрғын үйлер орналасқан. Сол кездегі колхоздардың әрқайсысында шағын мектептер жұмыс жасады. Әр мектепте 2-3 баладан оқыған. 1951 жылы шағын колхоздар біріктіріліп, "Авангард" колхозы болып құрылады. Колхоз орталығы Теректі деген жерге орналасқан. Осыған орай мектеп 1957-1958 жылдары "Теректі бастауыш мектебі" деп аталады. 1985-1986 жылдары мекиеп-балабақшасы болып ашылды. Мектеп жанында 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін орталық болды. "Теректі негізгі мектебі" 2000 жылдың 1 қыркүйегінде Теректі бастауыш мектебінің ізімен, ҚР Конституциясындағы азаматтардың тегін орта білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің шешімімен "Теректі орталау мектебі" болып ашылды. Осы жылдың желтоқсан айында қазіргі ғимаратқа көшірілді. Кейіннен, 2002-2003 жылдары "Теректі негізгі мектебі" болып қайта өзгертілді. 2010 жылдың қаңтар айында мектеп жанынан шағын орталық ашылып, 2-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тартылды.




